Металлургтер мәдениет сарайы

Мәдени мұра
16:56 13 қыркүйек 2023

Металлургтер мәдениет сарайы 

1957 

Орналасқан жері: Гоголь көшесі мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысы 

Сәулетші: Л.И.Маковеев

Тарихи анықтама: 

1950 жылдары қазіргі ММС орнында «Красный партизан» ауыл шаруашылығы артелінің картоп алқабы орналасқан болатын. Жаңа мәдениет сарайы   Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының тапсырыс беруімен пайда болған. Құрылыс кезінде жағымсыз оқиға болғанымен, ол тез тұрғызылды. Неоклассика үлгісіндегі сыртқы діңмаңдайшаны ұстап тұратын 12 коринфтік баған бекітілген. Бастапқыда олар кірпіштен жасалса да, алайда жобалық жүктемені көтере алмағандықтан, ол бағандарды бетонмен ауыстыруға тура келді. Маңдайшаға металлургиялық өндіріс жұмысшылары бейнеленген мүсіндік композиция орнатылған кезде барлық төрт фигураны жасауға үлгі ретінде пайдаланылған модельдер   нақты адамдар, өскемендік жұмысшылар болатын. Бұл композицияны Қазақстандағы монументалды өнердің негізін салушылардың бірі, мүсінші Хакімжан Наурызбаев мүсіндеген. Ішкі өрнектерді  ленинградтық және алматылық суретшілер кескіндеген.

ММС  Өскеменде 1957 жылы 11 мамырда Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі кезінде ашылды. Бұл мәрмәрмен әшекейленген бағаналары, айшықты баспалдақтары, айналары, төбелерінде кеңес адамдарының бақытты өмірін бейнелейтін плафондары бар нағыз әсем сарай болды. Үйірме жұмысының кабинеттері үшінші қабатта орналасқан және қабырғалары әртүрлі түстерге боялды. ММС-тің үлкен залында декорацияны өзгертуге мүмкіндік беретін кулисалары мен айналмалы шеңбер алаңдары бар нағыз театрландырылған сахна орын алды. Бұл залдың ерекше акустикасы оны атақты орындаушы-қонақтардың өнер көрсететін сүйікті орнына айналдырғаны анық. 

1996 жылы ғимарат жеке меншікке сатылады. Ал 2017 жылы ол ШҚО әкімінің өкімімен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығына берілді. Он жыл бұрын сарай күрделі жөндеуден өтіп,  шатыры, су құбыры және кәріз жүйесі ауыстырылып, қасбеті жаңартылды. Сөйтсе де ғимарат өзінің қайталанбас сәулеттік келбетін өзгерткен жоқ.