Өскеменде ең ұзын аллеялардың бірін жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтағысы келеді

Абаттандыру
14:11 27 маусым 2024

Облыс орталығында үш көшені — Астана, Потанин және Қашаубаев көшелерін біріктіретін аллеяда жұмыстар жалғасуда. 

Мердігер плиткаларды төсеуді аяқтап жатыр, одан кейін   24 жарық нүктесін жаңартуға көшеді.

- Мен мұнда отыз жылдай тұрып келемін  және бұл аллеяны әртүрлі нұсқаларда көрдім,-дейді жергілікті тұрғын, Өскемен қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Владимир Грицай. – Шынымен де, адамдар бұл жерде жүруге  қорқатын  кез де болды, өйткені арам шөп басып,  қараңғылық жайлап кеткен болатын. Бұл жерді  абаттандыру туралы шешім қабылданғаны керемет болды! Осы маңайдың  тұрғыны ретінде мен өте қуаныштымын. Бұл жерде  екі мектеп пен балабақша бар ғой.

Алайда,   тұрғындардың бәрі бірдей мұндай жаңартуға қуанышты емес сияқты, кейбіреулері мердігерге өз жұмысын орындауға және істі тезірек аяқтауға кедергі келтіруде.

Өкінішке орай, мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын ұнатпайтын тұрғындар бар, - дейді "Design Pro" ЖШС бригадирі Фазыл Акенев. - Кейбір қала тұрғындары бізге наразылықтарын білдіріп, тіпті полиция шақыратыны бар…

 - Иә, бірқатар тұрғындар мердігердің жұмысына кедергі келтіруде,  жұмысына кедергі жасайды, техника жүретін жолды жауып тастайды, - деп қосты Владимир Грицай. – Мердігердің таңғы алтыдан қас қарайғанша жұмыс істеп, олар үшін тырысып жатқанын ұқпағандары таң қалдырады. 

Мердігер бес мың шаршы метр аллеяны ретке келтіруі керек. Бұл жерде беседкалар, орындықтар, урналар мен шағын сәулет формаларын орнатып, ескі жарық нүктелерін жөндеу жоспарлануда.

- Кеш қарая тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін, аллеяға заманауи жарықтандыруды орнатамыз, - деп түсіндірді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Нысандағы жұмыстар жоспар бойынша 1 қыркүйекке дейін аяқталуы керек, бірақ  аллеяғы жұмысты  тамыз айының басында аяқтауға ниетті.