Өскеменде ең көне мектептердің бірі күрделі жөндеуден өтуде

Абаттандыру
10:45 19 тамыз 2024

Защитадағы № 2 мектепті жөндеуге биыл 176 миллион теңге бөлінді.  

Мектеп 1953 жылы салынған, содан бері директордың айтуынша, ғимарат ешқашан күрделі жөндеуден өткен емес. Бұған дейін біз оқу орнында жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың көктемінде басталғанын хабарлаған болатынбыз, сол  себепті оқушылар уақытша көрші № 2 мектепке ауыстырылды.

Нысанды қала бойынша жұмыс сапары барысында әкім Жақсылық Омар аралап шықты. Ол оқушыларды қабылдауға дайын сыныптарды қарады.

- Жұмыстың сапасы мен қарқынына ризамын, - деп атап өтті "№ 2 жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры Жанат Омарова. - Іргелес аумақты абаттандыру қалды. Көркемдеу жұмыстарына  ата-аналар да қосылыпты. Мысалы,   суретші-дизайнер болып табылатын бірінші сынып оқушысының анасы беседканы безендірген.