Шәкәрім даңғылындағы скверде ерекше  шағын сәулет формалары орнатыла бастады

Абаттандыру
12:58 31 шілде 2024

Бұрын бұл учаскеде ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер болған.

Қазір алаңға төсеніштер төселіп, ротонда орнатылып, орындықтар әкелінді. Сондай-ақ, демалыс аймағында бақа түрінде мүсін пайда болады. 

Таңдаудың не себепті осы жануарға түскені белгісіз. Айтпақшы, тастан жасалған  бақа Бажов көшесін көптен бері безендіріп келеді. Бұл мүсіншілердің халықаралық симпозиумдарының бірінің "мұрасы".

Шәкәрім даңғылындағы жұмыс барысын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тексерді.

Скверді абаттандыратын "Қарсақ-2015" ЖШС өкілдері жөндеуді тамыздың ортасына дейін аяқтауға уәде береді.