Өскеменде он үш шақырымнан астам жылу желілері ауыстырылады

Абаттандыру
12:25 31 шілде 2024

Коммуникацияларды ауыстыру жиырма тоғыз учаскеде өтеді. Мәселен, қазір жұмыстар Заводская  және Промышленная  көшелерінде жүзеге асырылуда.

- Жалпы ұзындығы 13 шақырым болатын 29 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Кестеден кейін  қалушылық жоқ,-деді "Өскемен жылу желілері" АҚ өкілі Асқар Оспанов. 

Оның айтуынша, жөндеуге байланысты тек 19 абонентте ыстық су уақытша өшірілген, олардың көпшілігі заңды тұлға болып табылады. 

- Барлық жұмыстарды тамыздың аяғында немесе қыркүйектің басында аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп толықтырды Асқар Оспанов. - Жөндеу нәтижелері бойынша біз жалпы қала бойынша жылу желілерінің тозуының 1,1 пайызға төмендете аламыз және бұл жақсы көрсеткіш деп есептейміз. 

Жылу желілеріндегі қайта құру барысымен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар танысты.

- Биыл бізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл "инвестиция орнына тариф" бағдарламасының арқасында мүмкін болды, - деді әкім.