Өскеменде "полиция учаскесі" бар балалар алаңы пайда болады

Абаттандыру
12:24 07 тамыз 2024

Қала аулаларында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Мысалы, Карбышев көшесі, 48 мекенжайы бойынша да  жұмыстар жүргізілуде. 

- Тұрғындар белсенді дауыс бергендіктен, жоба ХҚБ бағдарламасына енгізілді, - деп атап өтті "Маяк" ПИК-інің төрағасы Владимир Грицай. - Адамдардың белсенділігінің арқасында аула абаттандырылады.

Көпқабатты үйдің жанында әртүрлі жас топтарына арналған "аралдарды" жабдықтау ұйғарылды. Бұл балалар және спорт алаңдары, қарт тұрғындарға арналған алаң, онда әткеншек креслолары, жасанды жасыл жамылғы мен орындықтары бар демалыс аймағы орнатылады. Айтпақшы, ойын алаңы тақырыптық екен – "шахмат" стилінде, ал спорт алаңында бірнеше бокс тұлыбы бар.

Дәл осы мердігер - "Фортуна Групп" ЖШС Бажов көшесі, 339 мекенжайындағы  ауланы да  жабдықтайды. Онда ойын алаңы полиция тақырыбында болады.  

-Біз жұмысты маусым айында бастадық, кейбір аулаларда озық жұмыс істеп жатырмыз. Жаздың соңына дейін бәрін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - дейді ЖШС өкілі Олжас Зарипов.

Нысандарға Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар барған болатын. Оның жұмыс сапары барысында  жобаны жүзеге асыру кезінде тұрғындар арасында қызу пікірталастар туындайтыны белгілі болды: мысалы, кейбіреулер автотұрақ жабдықтауды жақтайды, ал басқалары терезелерінің астында көліктердің жиналғанын көргісі келмейді; немесе абаттандыруға кедергі келтіретін ағаштарды кесу туралы дау туындап жатады.

- Сіздер дауыс беріп,  байқауда жеңіске жеттіңіздер, жұмыс барысында басқа да сұрақтардың туындағаны орынды, - деп Жақсылық Омар кеңес берді, - енді сіздер жиналыс өткізіп, барлық даулы мәселелерді бірлесіп шешулеріңіз керек.