Өскеменде "мамыргүл" сквері жабдықталуда

Абаттандыру
12:31 31 шілде 2024

Болашақ демалыс аймағы мамыргүлдің көптігіне байланысты жұрт солай деп  атап кетіпті. Мердігерлер абаттандыруды жүзеге асыру кезінде осы екпелерді барынша сақтауға тырысты.

Сквердің  аумағы шартты түрде бірнеше аймаққа бөлінеді. Бұл балалар мен спортқа арналған алаңдар, зейнеткерлерге арналған демалыс алаңы және т.б. Әрине, демалыс аймағында орындықтар мен урналар орнатылады.

Қала бойынша жұмыс сапары кезінде нысанға Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар барды.

- Бұрын бұл ауданда тұрғындар серуендейтін орын болмаған, - деп атап өтті әкім. - Бұл жерде жасыл кеңістіктердің сақталғаны өте жақсы. Мұнда өз тарапынан мердігерді бақылайтын белсенді және жақсы тұрғындар бар екенін атап өткім келеді.

- Қоқысқа батып кеткен аллеяның абаттандырылғанына өте қуаныштымыз, - деді жергілікті тұрғын Нұрия Өтегенова. - Балалар ойнайтын жер де болады.

Облыс орталығының осы ауданындағы барлық жұмыстарды қала күніне орай аяқтау жоспарлануда.