Өскемен халықаралық әуежайында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары іске қосылды

Ақылды қала
21:13 31 мамыр 2024

Енді рейске тіркелу және басқа қызметтер "FlyArystan" жолаушыларына кезексіз қолжетімді болып отыр. 27 мамырда лоукостер жолаушыларға толық қызмет көрсететін "iJan" инновациялық терминалдарын іске қосты. Алғашқы үлгілер 2022 жылы Алматы халықаралық әуежайында, ал одан кейін және "FlyArystan" ұшатын Қазақстанның барлық қалаларында орнатылған болатын.

- Біздің әуежайларға  жаңашылдық енгізіліп жатыр - бұл өзін-өзі тіркеу тіректері жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартады, - деп атап өтті "Өскемен әуежайы" АҚ басшысы Серік Оразғалиев. - Жолаушы өз бетінше келіп, орын таңдай алады, багажын өлшей алады, багаж белгісін басып шығарады және багажды кезекте тұрмай тіркеуге тапсыра алады. Әуежай үшін бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жұмысшылар санын азайтып, олардың жолаушылармен байланысын жеңілдетеді.

 Авиакомпанияның мәліметінше, Өскемен "iJan"дүңгіршектері орнатылған он төртінші қала болды. Қазірдің өзінде елімізде 300 мыңнан астам жолаушы өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдаланып отыр.

- Неліктен бұл жүйе "iJan"деп аталады? Себебі, бұл жай темір емес! Оның жаны бар! - деді "FlyArystan" операциялық бақылау менеджері Дмитрий Кудинов. - Бұл жолаушыны, оның багажын тіркей алатын және төлем қабылдай алатын бірегей дүңгіршек. Сондай-ақ орындарды таңдау мүмкіндігі бар. Жалпы, біз барлық өнімдерімізді  диджитализациялауға тырысамыз (ақпараттың барлық түрлерін сандық формаға аудару – ред.). Мысалы, Алматыда біздің екінші өніміміз іске қосылды - ол "BagJan" деп аталады.  Сіз өз  багажыңызды қоясыз және адамның көмегімен ол лента бойымен  кете барады. "Ijan" жүйесі қызметкерлер жетіспейтін кезде қабылдау бөлмелерінде кезек болмауы үшін ойлап табылды. Ол мұның бәрін өзі жасай алады!

Менеджердің айтуынша, жүйеде тексеруден өткен сертификатталған таразылар бар. Багаж өлшенеді және егер багаж төленген болса, бирка беріледі. Егер жоқ болса, онда жолаушы дәл сол дүңгіршекте төлем жасай алады. "IJan" - да картамен немесе Каѕрі QR арқылы төлеу мүмкіндігі бар. Дегенмен, сайтта тіркелу ақылы және ақша үнемдеу үшін ұшудан 30 күн бұрын алдын ала онлайн тіркелуге болады.

- Егер сіз онлайн тіркелсеңіз, онда жүйенің көмегімен сіз багажды тегін тіркеп, оны ұшу үстеліне тапсыра аласыз, - деп қосты Евгений Кудинов. - "IJan"-ның көмегімен тіркеу сомасы 2000 теңгені құрайды. Бұл кезде кезекке тұрудың қажеті жоқ, тек құжатты сканерлеп, отырғызу талонын басып шығаруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар әрқашан "FlyArystan" қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында рейске онлайн-тіркеуден тегін өте алады. 

Өскемен әкімдігінің өкілдері де жаңалықты сынап көрді.

— Әуежайда "iJan" аймағының ашылуы, әрине, жолаушыларға ыңғайлы! – деп Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит атап өтті. - Жаңа технологияларды енгізудеміз, ендеше  біз уақытпен қатар жүреміз деген сөз. Бұл қала қонақтары үшін де ыңғайлы, жолаушыларға қызмет көрсету саласында үлкен артықшылық береді!