№13 орта мектеп
№13 орта мектеп
ХХ ғасырдың 50 жылдары
Орналасқан жері: Аблакет ауданы, Правда көшесі, 3.
Тарихи анықтама:
Аблакетканың жұмыс ауданы Ертіс СЭС каскадының тұңғышы - Өскемен СЭС-пен бірге өсті. СЭС құрылысы 1939 жылы Ертістің аңғарының ең тар жерінде басталды. Соғыстың алдында елдің Оралдан сырт жерлердегі өнеркәсіптік базасын құру жеделдетіледі. Бірақ Өскемендегі СЭС құрылысы тым кеш басталған. Шығыс Қазақстанда энергия көздерінің жетіспеушілігіне байланысты Солтүстік Осетияда, Орджоникидзе қаласында (ол кезде Владикавказ осылай аталған) Риддер мырыш концентратын өңдейтін «Электромырыш» зауыты салынды. Бірақ 1942 жылы немістер шабуылы кәсіпорынды Өскеменге көшіруге мәжбүр етті.
Соғыс су электр станциясының құрылысын баяулатады, оның жұмысы 1948 жылы ғана толығымен қайта басталған. Осы тұста Аблакетка жұмысшы поселкесі бой көтере бастайды. Өскемен СЭС-і екпінді комсомолдық құрылыс алаңы болып жарияланып, оған жастар көптеп келе бастайды. Енді мектеп керек еді. Оны 1949 жылы тұтқынға алынған жапондықтар тұрғызды. №13 мектептің ғимараты Ленинград сәулетшілерінің жобасы бойынша салынған және ХІХ ғасырдағы петербургтік сарайлардың бірінің көшірмесі болып табылады. Мектептің қасбеті «сталиндік ампир» сәулет өнеріне тән жабыстырма әшекейлерге толы. 2008 жылы №13 орта мектеп ғимараты сәулет-тарихи ескерткіші болып танылып, мемлекет қорғауына алынды.