Өскемен әкімдігі халықпен кері байланыс үшін жаңа онлайн-сервистерді енгізуді жоспарлап отыр

Ақылды қала
16:56 13 қыркүйек 2023

Осы сервистер арқылы қала тұрғындары қоқыс шығару, коммуналдық кәсіпорындар техникасының жұмысы және жолдарды орташа жөндеу мәселелері туралы хабарлай алады деп болжануда.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде облыс орталығының әкімшілігі "100 күнде 10000 ям" Телеграм-ботын таныстырды. Оның көмегімен өскемендіктерге қала билігіне жол төсеміндегі ақаулардың суретін жіберіп, оларды жоюға өтінімдер жасау ұсынылды. Бұл бот сұранысқа ие болды: әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта өскемендіктердің өтінімдері бойынша 5386 шұңқыр жөнделген.

— Телеграм-бот жұмыс істейді, белсенді тұрғындар фото түсіреді, кері байланыс бар. Мұндай жобалар көп болуы керек, — деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, мұндай сервистерді азаматтар коммуналдық салада тап болуы мүмкін өзге де проблемалар бойынша халықпен кері байланыс үшін енгізуді жоспарлап отыр.

— Әрі қарай қоқысты шығару, жолдарды орташа жөндеу, қалалық коммуналдық кәсіпорындар техникасының жұмысы бойынша қозғалатын боламыз, — деп ойымен бөлісті қала басшысы. — Айтишниктер ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Жақында олар бізге ұсыныстарын паш етпек.