"Қылыштарды соқаға соғайық (айналдырайық)" мүсіні

Мәдени мұра
16:56 13 қыркүйек 2023

"Қылыштарды соқаға соғайық (айналдырайық)" мүсіні

1962 жыл

Орналасқан жері: Протозанов көшесі, «Ертіс концерт» ғимаратының жанында (бұрынғы Орталық мәдениет үйі)

Скульптор: Е. В. Вучетич

Архитектор: Л. И. Маковеев

Тарихи анықтама:

Евгений Вучетич - кеңестік мүсінші, Волгоградтағы Мамаев қорғанындағы әйгілі "Отан-Ана шақырады" және Берлиндегі Трептов саябағындағы "Азат етуші жауынгер" ескерткіштерінің авторы. Бұл символдық триптихті "Қылыштарды соқаға соғайық (айналдырайық)" мүсіні аяқтайды.

Мүсіннің атауы Киелі кітаптан алынған дәйексөз болды: "Олар қылыштарын соқаға және найзаларын ораққа ауыстырады: ол халық халыққа қылыш көтермейді және бұдан былай соғысуды үйренбейді".

1957 жылы жасалған бұл мүсіннің түпнұсқасын Кеңес Одағы Біріккен Ұлттар Ұйымына сыйға тартты және Нью-Йоркте орнатылды. Орталық мәдениет үйінің жанындағы мүсін-1962 жылы қаламызға арнайы жасалған авторлық көшірме.