Яков Ушанов ескерткіші

Мәдени мұра
16:56 13 қыркүйек 2023

Яков Ушанов ескерткіші

1973 жыл

Орналасқан жері: Ушанов алаңы

Скульптор: Г. А. Огнев

Архитектор: А. Н. Душкин

Тарихи анықтама:

1918 жылы 14 наурызда Өскемендегі билік жұмысшылар мен солдаттар депутаттары Кеңесінің қолына бейбіт жолмен өтті. Совдептің бірінші төрағасы болып жас майдангер Яков Ушанов (1891 - 1918) сайланды. 

Совдеп Үлбі арқылы паромды іске қосу, қоғамдық ғимараттарды жөндеу, электр станциясын салу, қаланы абаттандыру мәселелерін шешетін. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, жергілікті Қызыл гвардия құрылып, мектептер ашылды.

1918 жылы 10 маусымда контрреволюциялық көтеріліс нәтижесінде Совдеп жойылып, оның барлық мүшелері қамауға алынады. Атаман Анненковтың ақ казак бөліктері қалаға кірген кезде, Кеңес өкіметінің жақтастарына қатысты ең қатал қырғындар басталды. 1918 жылы 7 қарашада Қазан төңкерісінің бірінші жылдығында Яков Ушанов "Моңғол" пароходының оттығында тірідей өртенді.

1973 жылы Ушанов алаңында Яков Ушановқа ескерткіш орнатылды. 

Алаңның айналасындағы логистиканың өзгеруі нәтижесінде ескерткіштің айналасы жаяу жүргіншілерге қол жетімдіділіг жойылды.