Өскеменде жаңа демалыс аймағы пайда болады

Абаттандыру
11:11 22 маусым 2024

Новаторлар көшесінде  қараусыз қалған скверді  қалпына келтіруде.

Өскеменде абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Басқалармен қатар, Новаторов көшесінде демалыс аймағының құрылысы да басталды. Ол көптен бері тозығы шыққан  ескі алаңның орнына тұрғызылуда.

Біз оған "сирень сквері" деген атау бердік", - дейді қала әкімі Жақсылық Омар. - Бұл ауданда серуендеу аймақтары жоқ, Біз "Таза Қазақстан" акциясы аясында ескісін жаңарту туралы шешім қабылдадық.

Жаңа демалыс аймағында орындықтар мен беседкалар, шағын сәулет формалары, заманауи жарық, әсемдік элементтер орнатылады. Абаттандырылатын жердің көлемі сегіз мың шаршы метрге жуық. Жұмыстар тамыз айында аяқталуы тиіс. 

Адамдар абаттандыруға емес, абаттандыру адамдарға қарай жүруі керек, - деді Жақсылық Мұқашұлы. – Жұрт біртіндеп ол жаққа барып үйренеді деген үмітпен кейде  саябақтар тұрғын үйлерден алыс жерге салынып жатады. Ал біз адамдарға үйреншікті, жақын жерде салуды шештік.