Қаланың ең ұзын аулаларының бірі "Халық қатысатын бюджет" байқауында бірінші орынды иеленді

Абаттандыру
18:48 19 маусым 2024

Қазір Е. П. Славский атындағы жағалау,18 мекенжайындағы аула "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында қайта құрудан өтуде.

Жұмысшылар ескі шағын архитектуралық формалар мен апатты ағаштарды алып тастап, жолды кеңейтіп,  басқа да дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Аулада кеңес заманынан бері бетон ұшақтары сақталған, олар әлі де жақсы жағдайда.

- Біздің мынадай ұсынысымыз бар, - дейді үй тұрғыны Александра Морозова. - Біз Өскеменнің тарихымен  байланысымызды  сақтау үшін оларды дуалға қарай  көшіріп,  екі түске бояғымыз келеді. Бұл нағыз раритет және оны тастай салуға болмайды. Ұшақтар әлі де ұзақ жылдар бойы тұра алады. Құрылысшылардың өздері бізге олардың қатты материалдан жасалғанын және көп орын алмайтынын айтып отыр. Олар ешқандай қауіп төндірмейді, ал балалар үшін бұл ойын-сауық және тарихқа жанасу. Мұндайды  құрта салуға болмайды. Олар біздің немерелеріміз үшін сақталсын....

 Бұл Е.П. Славский жағалауындағы  18үйдің ауласының жалғыз ерекшелігі емес.

- Біз осы ауланы абаттандыру  жобасымен  жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз, бірақ бұл біздің бірінші қатысуымыз емес,-дейді "Үлбі-56" басқарушы компаниясының төрағасы Вера Василевская. – Бұл жерде 1977 жылдан бастап   жөндеу жүргізілген жоқ, ондай жұмыстарды өз бетімізбен жасау мүмкін болмады. Біздің аула жобасы бойынша басқалардан ерекшеленеді, өйткені ол өте ұзын. Менің ойымша, оны жөндеуге басқа аулаларға қарағанда көбірек күш жұмсалады. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Тазартылатын ескі ағаштардың орнына біз тұрғындармен бірге  жаңасын отырғызамыз. Әзірге біз мердігердің   жұмысына толық ризамыз.

 Жаңартылған аулада ойын алаңы, воркут аймағы, әр түрлі жастағы спорт алаңы пайда болады.

- Тіпті ересек тұрғындар жұмыстан кейін спортпен шұғылдана алады, - деп қосты Вера Василевская.

Өскемен қаласы әкімінің айтуынша, биыл қала бойынша 30 аула абаттандырылады.

 - Бұл жердің тұрғындары өте  белсенді және тату, сондықтан байқауда бірінші орын алып отыр, - деді Жақсылық Омар. – Белсенділіктің нәтижесі осындай болады! Негізі бұл аулада әлі абаттандыруды жасамауға болар еді,   жасыл аула,   жақын жерде  жағалау бар, тұрғындар үшін серуендеуге арналған аймақ та бар. Бірақ  байқау аясында тұрғындардың белсенділігі өз  талаптарын қойып отыр. Біз осындай бағдарламаны үшінші жыл бойы жүргізіп келеміз және қаламызда осындай мақсатты азаматтардың бар болғанына қуаныштымыз.