Өскемен аулаларында жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда

Абаттандыру
11:26 21 маусым 2024

Облыс орталығында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша конкурста іріктеуден өткен аула аумақтарын абаттандыру басталды.

Потанин, 15, Виноградов, 22, Е.П. Славский атындағы жағалау, 18 мекенжайларындағы аулаларда жүргізіліп жатқан жұмыстарды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қадағалауда.

- Биыл жоба бойынша 30 аулада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал қалада барлығы 946 аула бар, - деді қала әкімі. - Тұрғындардың өздері жөндеуді қажет ететін аулаға ашық алаңда дауыс береді. Абаттандырудан кейін тұрғындар аула мен алаңдардың жай-күйін өздері бақылайды, өйткені біз бір ауланы жыл сайын жөндей алмаймыз. Әрине, барлық шағын архитектуралық формалар сертификаттаудан өткен, бірақ егер тиісті күтім жасалмаса, олар біраздан кейін жарамсыз болып қалады.

Облыс орталығындағы аула аумақтары кезең-кезеңімен тапсырылады, ал әзірге Жақсылық Мұқашұлы барған барлық аулалардың тұрғындары мердігерді мақтап отыр. Бұл жердегі  мердігер әр ауланы абаттандыруға дербес тәсілмен қарап, тұрғындардың қалауы бойынша жобаларға түзетулер енгізуде.

- Қазір біз он екі ауланы абаттандырып жатырмыз, - деп түсіндірді "HardLine" ЖШС басшысы Иван Семенов. - Біз тұрғындардың түзетулерін мұқият қарастырып,   оларды ТКШ бөлімі арқылы енгіземіз; олар келісілгеннен кейін   жобаға қосамыз. Кейде біз тұрғындарға ауласы ыңғайлы   болу үшін оны ұйымдастыру бойынша кеңес береміз. Біз аулалардың   функционалды болғанын және ұзақ уақыт бойы қызмет көрсеткенін қалаймыз. Барлық жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.