Өскеменде Самар тас жолында жол жөндеу жұмыстары басталды

Жолдар
15:19 14 маусым 2024

Жұмыс барысын қала әкімі Жақсылық Омар бақылауына алды.

- Самар тас жолында бірнеше жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болатын, - деп атап өтті облыс орталығының әкімі. - Комиссияның ұсынысы бойынша биылғы жылы орташа жөндеуге жататын жолдар тізіміне түзетулер енгізіліп, Самар тас жолының учаскесі қосылды. Комиссия құрамына жолшылар, жол полициясының қызметкерлері және басқа да мамандар кіреді.

Жөндеу жұмыстары жол өтпесінен Лондон көшесіне дейінгі кесіндіде жүргізілмек.

- Біз жұмысты екі-үш күнде аяқтауымыз керек, - деді Жақсылық Мұқашұлы. - Жалпы қалада жолдарды жөндеу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.