Өскеменде балаларды қорғау күніне орай балабақша ашылды

Құрылыс
15:18 03 маусым 2024

Облыс орталығында жаңа балабақша ашылды. Іс-шара балаларды қорғау күніне орайластырылған екен. Мектепке дейінгі мекеме қаланың тап орталығында, Космическая  көшесінде орналасқан.

Ғимаратты күрделі қайта құрудың қажеті болмады, өйткені кеңес заманында ол жерде балабақша жұмыс болған. Тек жөндеу мен аумақты ретке келтіру қажет болды.

Заңды проблемалар да туындаған жоқ: бұрын осы ғимаратты иеленген "Шығыс ақпарат" Шығыс Қазақстан Медиа холдингінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.

Ашылған заманауи балабақша 240 орынға есептелген. Онда 12 топ, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 4 топ жұмыс істейтін болады.

Айтпақшы, мекемеде тіпті тұзды үңгір де бар.