Өскеменнің  жолдарында қалқымалы люктер орнатыла бастады

Жолдар
09:13 02 маусым 2024

Новаторлар көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, оның аясында заманауи люктер орнатылуда.

Өткен аптаның соңында (30 мамыр) Новаторлар көшесінің Қабанбай батырдан Л.Толстой көшесіне дейінгі учаскесіне қала әкімі Жақсылық Омар келді. Сол күні жолшылар қалқымалы люктерді орнатуға кіріскен болатын.

- Қалқымалы люк бетон негізіне емес, жабынның өзіне, яғни қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонға тіреледі. Осылайша біз люкке түсетін жүктемені азайтамыз,-деп түсіндірді ДСУ-11 бас инженері Даниил Мещанинов. - Біз асфальтты люктің "юбкасының" астына тығып, оның үстінен катокпен жүріп өткенде,  люк жоғарғы жабынмен біртұтас болып  қалады.

Мердігердің айтуынша, қалқымалы люктер  Қазақстанда өндірілген екен.