Өскеменде Защитаның  тұрғындарына қала күніне орай  "сыйлық" беруге ниетті

Құрылыс
09:07 02 маусым 2024

Облыс орталығы бойынша  жұмыс сапары барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мердігерден жұмыс қарқынын арттыруды сұрады.

Өткен қыста қала басшысы Защитаның    тұрғындарымен кездесіп, Тынышпаев көшесіндегі спорт нысанын алдағы жөндеу жұмыстарын талқылаған болатын. Сол кезде  кейін қала тұрғындары стадион барлық жастағы адамдардың бос уақытын өткізуге арналған алаңға айналсын деген өз тілектерін білдірген болатын.

Жақында стадионда жөндеу жұмыстары басталған екен.

- Защитаның  тұрғындары бұл нысанды күтіп отыр, өйткені ауданда ФОК немесе басқа да ірі спорт нысандары жоқ, - деп атап өтті Жақсылық Омар.

Стадионда воркаут алаңы, жүгіру жолдары, баскетбол алаңы пайда болуы керек.

Айтпақшы, нысанды жөндеу кезінде кейбір қиындықтар да туындады. Стадионның бойында бөлшектеп, алып тастауды  қажет ететін бетон қоршау бар. Алайда, бұл жұмысты жүзеге асыру  қиынға соғады, өйткені бір жағынан қоршауға жақын жерде гараждар орналасқан. 

Мердігерлер гараж иелерімен бір шешімге  келуден үмітті.

Шарт бойынша нысандағы барлық жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Алайда Жақсылық Омар құрылысшылардан қала күніне орай жұмыстарды  жеделдетіп, пайдалануға беруін сұрады.