Өскемен саябақтарында үйректер, маралдар және экзотикалық балықтар бар

Қалада демалу
14:01 25 мамыр 2024

Жақында Қасым Қайсенов саябағындағы тоғанға тұқы балығы  "оралды"  -  олар қолайлы ауа-райының басталуымен жасанды су қоймасына жіберілді.

Көктемде Қасым Қайсенов пен Жамбыл атындағы саябақтарға үйректердің ұшып келетініне он жыл болды.

"Олар шамамен бір ай бұрын ұшып келді", - деп нақтылады мұражай-қорықтың  мұражайландыру, көгалдандыру және абаттандыру бөлімінің меңгерушісі Софья Бочагова. - Қайсенов саябағында үйректер көпірдің жанындағы орынды таңдаған болатын, сосын олар бүкіл  саябақты кезіп, серуендей бастады. Шамасы, ұя салатын орын іздеген болуы керек. Олардың балапандары маусым айының соңында пайда болады, одан кейін құстар саябақтан кетіп қалады. Үйректер Жамбыл саябағында да жүретіні бар, бірақ  ол жерге сирек барады.

Мұражай-қорық қызметкерлері келушілердің  үйректерді нанмен тамақтандыратынын айтып отыр.

- Мұны істеудің қажеті жоқ - олар үшін су қоймасында тамақ жеткілікті, - деп түсіндірді София Бочагова.

Су қоймалары туралы айтатын болсақ. Келесі күні Қайсенов саябағындағы тоғанға коя тұқы балықтары жіберілді. Қыс кезінде  олар  жылы бөлмеде аквариумда сақталған болатын.

Біз қалалық саябақтарда тиіндерді де көруге болатынын бірнеше рет жазған болатынбыз.

— Үш тиін қыс бойы саябақта тұрды, - дейді маман. - Олар саябақтан саябаққа жүгіріп жүретін! Бірақ Наурызда жоғалып кетті - олар жазда тұрғылықты жерін өзгертеді.

Қайсенов саябағының этноауылында маралдар да тұрады. Оларды, әрине, мұражай-қорық қызметкерлері қоныстандырған.

 Олар екі қыз, - дейді София Бочагова. - Биыл біз үш бұғышақты  алып, ересек жануарларды хайуанаттар бағына қайтарғымыз келеді. Келушілер маралды да тамақтандырады: оларға сәбіз, қырыққабат әкеліп жүреді. Біздің үй жануарлары тәтті-дәмдіге дәндеп алған, адамды көрсе, тұра жүгіреді.