Өскеменнің көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды 

Жолдар
18:57 21 мамыр 2024

Чехов және Новаторов көшелерінің асфальттың төменгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелері демалыс күндері жабылды.

Орташа жөндеу жұмыстары мамыр айындағы мерекелерден кейін облыс орталығының ең көп бұзылған жолдарында басталды. Сенбі, 18 мамырда екі көшеде де төменгі тегістеу қабаты төселді. Өскемен қаласының әкімі жұмыс барысын тексеріп, пайдаланылатын материалдың сапасына сараптама жүргізуді талап етті. Сараптама көрсеткендей, төсеу кезінде асфальт қоспасының температурасы 145 градус. Бұл стандарттарға сәйкес келеді. Қоспаның температурасы 160 градустан аспауы немесе 130 градустан төмен салқындамауы керек. Осы талаптар сақталса,  жабын берік болады. Сондай-ақ, әкім майда тастарға қарағанда бір-бірімен жақсы байланысатын  "текше" қиыршық тастардың пайдаланылатынын атап өтті. 


"- Біздің қала көшелерінің 29 учаскесінде орташа жөндеу жүргізіледі - екі қабатты жол төсемі толық қалпына келтіріледі: төменгі тегістеу және ҚМА (қиыршық тас — мастикалық асфальт),-деп түсіндірді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Тәнекенов. - Бүгін біз Новаторов пен Чехов көшелеріндегі жұмыстардың сапасын көрдік. Жұртшылық өкілдерін кейіннен емес, дәл жұмыс істеліп жатқанда арнайы тартамыз.  Олардың ұсыныстарын жұмыстар жүргізіліп жатанда ескеру үшін. Кемшіліктерді уақтылы жою үшін.” 


Бірнеше жылдан бері жергілікті жолдардың сапасы үшін күресіп келе жатқан және әр шұңқырды өзінің жауы деп санайтын қоғам қайраткері Әділ Пшенов  те жол сапасын тексеруге тартылыпты.

 "- Мен әрқашан ынтымақтастыққа оң көзқараспен қараймын, — деп мойындайды Әділ Пшенов. - Жұртшылық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Сонымен қатар, биыл бізде көптеген жолдар жөнделеді. Өздеріңіз білесіздер, шағым да көп түскен. Жағдай жақсарады деп үміттенемін.”

Көшелердегі жұмыстардың барысын жергілікті тұрғындар бақылауда. Олар жаңа жабынның берік болуын қамтамасыз етуге мүдделі. Новаторов көшесінің тұрғындары әкімнен негізгі жолдан басқа, көшенің тақ жағында тұратындардың барлығы пайдаланатын бүйірлік жолды жөндеуін сұрады. Чехов көшесінің тұрғындары мердігерден аулалардан шығуды жөндеуді және құдықтардың айналасындағы шұңқырларды жамауды сұрайды.