Өскеменде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды 

Жолдар
14:51 11 мамыр 2024

Қала әкімі Жақсылық Омар бірінші кезеңдегі жол жұмыстарының басталғаны туралы айтты

Орташа жөндеу басталған бірінші учаске Протозанов көшесінен М. Әуезов даңғылына дейінгі аралықты қамтитын  Қ. Қайсенов көшесі  болды. Бұл темілдегі жолдың  ескі жабыны  алынып тасталып, жаңа асфальттың бірінші қабаты төселуде.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде орташа жөндеу келесі учаскелерде жүргізіледі:

С. Нұрмағамбетов көшесінің тұсындағы Үлбі көпірі және көпірге шығу жолдары;

Абай даңғылы, "Дина" базарынан Интернациональная көшесіне дейін;

Крылов көшесі, М. Әуезов даңғылынан Жеңіс даңғылына дейін;

Металлургтер көшесі;

Новаторлар көшесі;

№ 47 мектепке өтетін жол;

Пушкин көшесі;

Васильев көшесі;

Қабанбай батыр көшесі, Буров көшесінен Новаторов көшесіне дейін;

Первомайская көшесі;

Урожайная көшесі;

Қ. Сәтпаев даңғылының  Көкжал Барақ көшесімен қиылысы;

Горький мен Чехов көшелерінің арасындағы жол;

Сарыарқа көшесі;

Чехов көшесі;

Самар тас жолының бөлігі;

Шмелев лог пен Красин ауылындағы көшелер.

Екінші кезеңде:

Вострецов көшесі;

Жастар көшесі;

Михаэлис көшесі, Абай даңғылынан 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесіне дейін;

М. Шоқай көшесі;

Болатов клиникасына өтетін жол;

Виноградов көшесі;

Гоголь көшесі Н. Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін;

Гоголь көшесі Шәкәрім даңғылынан Бажов көшесіне дейін.