Өскеменде қала тұрғындарын Комендантка аңғарындағы каскадты тоғанға суға түспеуді сұрады

Қалада демалу
15:41 04 мамыр 2024

Коммуналдық қызметтер каскадты тоғанның бірін іске қосқанын хабарлады.

«Таза Өскемен» КММ-нің мәліметі бойынша, қыс мезгілінен кейін Комендантка өзенінің аңғарындағы жаяу жүргіншілердің  муниципалдық  шағын саябағы  серуендеуге және демалып отыруға дайындалды. Мұнда санитарлық тазалау және көгалдандыру сияқты маусымдық жұмыстар аяқталып, шағын сәулет нысандарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.

 — Үлбі ауданындағы негізгі демалыс аймағында каскадты тоғандардың бірі пайдалануға берілді. Екінші тоған жөндеуді күтіп тұр, - деді коммуналдық қызметкерлер. — Каскадты тоғандар сәндік элементтер болып табылады және шомылу-жүзу, спорттық-сауықтыру, су шашып ойнайтын және т.б. құрылымдардың қатарына жатпайды. Оларда дезинфекциялық шаралар қарастырылмаған, сүзгі жабдықтарымен жабдықталмаған.

КММ бұл каскадты субұрқақтар/тоғандар жүйесінде пайдаланылған су жер асты ұңғысынан қуатты суасты сорғылары арқылы беріліп, нөсерлі кәріз жүйесінің коллекторына жіберілетінін түсіндірді. 

- Профилактикалық қызмет күн сайын жүргізіледі, Құрылым  штаттық режимде жұмыс істейді, — деп толықтырды коммуналдық ведомствода. — Сонымен бірге, қала тұрғындарынан тоғанға суға түспеуді, өз санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін есте сақтауын сұраймыз — су қоймасындағы су хлорланбайды және де ашық аспан астында тұр. Сондай-ақ, онда үй жануарлары мен қаңғыбас иттердің шомылу жағдайлары бірнеше рет тіркелген. 

ВИДЕО