Өскеменде  мектепті қыркүйек айына дейін күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр 

Құрылыс
14:40 03 мамыр 2024

Защита шағын ауданындағы «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жөндеу жұмыстары басталды. 

Мектептегі бұл жұмыс соңғы үш жылда жүргізіледі деп жоспарланған еді. Жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң мердігер жұмысқа кірісті. 

Көптен бері күрделі жөндеуді  қажетсініп тұрған мектеп еді, ғимараттың қабырғасында пайда болған үлкен жарықтарды нығайтуға шешім шықты.

Біз комиссия құрдық, ол мектепті толық жөндеу керек деп шешті. Жобалық-сметалық құжаттаманы жасадық, ол мемлекеттік сараптамадан өтті,-деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Облыс басшылығының қолдауының арқасында қазірдің өзінде 163 миллион теңге қаражат бөлінді. Жұмыс жүргізілуде, бірақ бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстарының дұрыс жобаланбауы проблема болып тұр. Кейбір жұмыстар оған кірмеген және бұл бүгінгі күні құрылыс саласындағы тұтас проблема. 

Әкімнің айтуынша, енді комиссия құрылады. Осы бөлінген бюджет шеңберінде,  ғимараттың жұмыс жағдайында болуы үшін шын мәнінде атқарылуы қажет жұмыстар бойынша мәселе шешілетін болады. Мердігер жұмысты уақытында аяқтап, балалар туған мектебіне оралуы қажет. 

Бүгінгі таңда орта мектепте 572 оқушы білім алуда. Күрделі жөндеу кезінде олар көршілес №22 мектепке уақытша ауыстырылды.

Ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ата-аналар қолдады. Біз әзірге төртінші тоқсанды осылай оқимыз, - деді «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Жанат Омарова. - Үш негізгі сабақты 0-8 сынып оқушылары күндіз оқиды, кейбір пәндер қашықтықтан оқытылады. Тамақтандыру  барлық мектептегідей 1-4 сыныптар арасында тегін қамтамасыз етілген.  

Жоба бойынша нысандағы жұмысты аяқтау 15 тамызға жоспарланған, бірақ мектеп пайдалануға мерзімінен ерте беріледі. Негізгі жұмыстар аяқталған соң білім ошағы маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.