Өскеменде ертең Металлург саябағында аттракциондар іске қосылады 

Қалада демалу
19:41 30 сәуір 2024

1 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап демалыс аймағындағы барлық аттракциондар үшін жұмыстың ресми басталуы жарияланады. 

Еске сала кетсек, өткен жылдан бастап саябақ жыл бойы жұмыс істей бастады, бірақ аттракциондар жылы кезең басталған соң және қыстан кейін жүргізілетін дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана іске қосылады. 

— Биыл саябақта жаңа аттракцион – ойын лабиринті пайда болды. Ол балаларға арналған,- дейді саябақ әкімшілігі. — Биылдан бастап біз ҚР техникалық регламентіне сәйкес жұмыс істеп жатырмыз, барлық аттракциондар техникалық байқаудан өткен. Олардың бағасы өткен жылғы деңгейде қалады.

Әкімшіліктің мәліметінше, аттракциондардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 10:30 - 20:00, ал демалыс күндері сағат 10:00 - 20:00 арасында болады. 

Еске түсірсек,  тұрғындарды былтырғы жазда  аттракциондарды кім тексеріп, техникалық тексеруден кім өткізуі керек деген сауалдар мазалаған  болатын. 

Қала әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі саябақтағы аттракциондардың барлық құжаттары мен сертификаттарын тексергенін хабарлады.