Өскеменде орта жөндеудің екінші кезеңі жоспарланды

Жолдар
17:31 30 сәуір 2024

Оның аясында қалада жеті учаске жөнделеді.

Бұған дейін Өскемен әкімдігінен ағымдағы жылы 23 көше орташа жөнделетіні хабарланған болатын.

— Енді біз мұнымен шектелмейміз деп нақты айта аламыз, - деді облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар. - Біз ресурстар іздеп таптық және орташа жөндеудің екінші кезеңін жоспарлап отырмыз, ол біріншісінен сәл кешірек басталады.

Екінші кезеңде қаланың келесі көшелері жөнделеді:

Жастар

Гоголь (ММС алдыңдағы алаң қоса)

Виноградов (Грузинская көшесінен Карбышев көшесіне дейін)

Михаэлис (Абай даңғылынан 30-шы Гвардия дивизиясы көшесіне дейін)

Мұстафа Шоқай

Вострецов 

Сатбаев көшесінен Болатов клиникасына дейінгі жол