Өскеменде жолдарды орташа жөндеу екі кезеңде жүргізіледі

Жолдар
16:49 25 сәуір 2024

Жақында облыс орталығында орташа жол жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Дегенмен, ол аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жалғастыра беру жоспарлануда.

Еске сала кетейік, орташа жөндеу — бұл автожол учаскесіндегі асфальт төсемді толықтай ауыстыру.

— Біз жұмыстың бірінші кезеңіне кірісеміз,-деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Былтырғы жылдың соңында жөнделетін көшелер анықталған болатын. Облыс басшылығы биылғы жылды «Жол жылы» деп жариялады. Өскеменде осы бағдарламаны іске асыру басталды. Орташа жөндеудің бірінші кезеңі бойынша бес көше бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды және мердігерлер жақында жұмысқа кірісуі тиіс. Олар оны тез әрі сапалы жасайды деп үміттенемін. Екінші кезеңнің жөндеу жұмыстарын үнемдеу және қосымша қаржыландыру есебінен жүргіземіз.

Бірінші кезеңде орташа жөндеу жұмыстары жасалатындар:

Нұрмағамбетов көшесі жақтағы Үлбі өзені үстіндегі көпір бетін  және  көпір тұсын жұп жағын жабындау;

Қайсенов көшесі Протозанов көшесінен Әуезов даңғылына дейін;

Абай даңғылы «Дина» базарының басынан Интернациональная көшесіне дейін;

Крылов көшесі Әуезов даңғылынан Жеңіс даңғылына дейін;

Металлургтер көшесі;

Новаторов көшесі;

№ 47 мектептен шығатын жол;

Пушкин көшесі;

Васильев көшесі;

Қабанбай батыр көшесі Буров көшесінен Новаторов көшесіне дейін;

Шмелев Лог кенті;

Первомайская көшесі;

Урожайная көшесі;

Сәтбаев даңғылы – Көкжал Барақ көшесінің қиылысы;

Горький мен Чехов көшелерінің арасындағы жол;

Сарыарқа көшесі;

Чехов көшесі;

Красин кенті;

Самар тас жолының учаскесі.

— Жөнделетін көшелерді анықтаумен арнайы комиссия айналысты, сондай-ақ жол полицейлерінің ұсыныстарын басшылыққа алдық, - деп атап өтті әкім.  

Сонымен қатар, мамандар көшелер тізімін құруға өз ұсыныстарын берген қала аудандарының бастамашыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Екінші кезеңде жөндеу жұмыстары келесі көшелерде жоспарланған:

Вострецов көшесі;

Жастар көшесі;

Михаэлис көшесі Абай даңғылынан 30-шы гвардиялық дивизия көшесіне дейін;

Мұстафа Шоқай көшесі;

Болатов клиникасына баратын жол;

Виноградов көшесі;

Гоголь көшесі Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін;

Гоголь көшесі Шәкәрім даңғылынан Бажов көшесіне дейін.