Өскеменде дәрі-дәрмек қорын құру мүмкіндігі пайда болады

Құрылыс
11:17 13 қараша 2023

Арматура зауытының ауданында фармацевтикалық қойманың құрылысы аяқталуда.

Мұндай нысанды құру бастамасы « «Медсервис плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-на тиесілі.

Өскемендегі ЖШС филиалының директоры Алла Мандычтің айтуынша, қойма алаңы төрт мың шаршы метрді құрайды.

    – Бұл қойма бүкіл облысымызды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тауарлары бар 8-9 фургон апта сайын келеді, – деді Алла Мандыч.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар құрылысқа барып, қойма индустриалды аймақта салынған алғашқы нысан екендігін атап өтті.