Өскеменде Ресейдің қатысуымен ЖЭО салынады

Құрылыс
17:45 09 қараша 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөздері аяқталғаннан кейін Қазақстанда Ресейдің қатысуымен үш ЖЭО салу туралы шартқа қол қойылды.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін Энергетика министрлері Алмасадам Сәтқалиев пен Николай Шульгинов Ресей Федерациясының Энергетика Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі арасында Көкшетаудағы ЖЭО, Семейдегі ЖЭО және Өскемендегі ЖЭО құрылысы жобалары бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда Ресейдің қатысуымен салынатын үш ЖЭО жобасы жоспарланғанын хабарлаған болатын.