Қар жауғанда қарап қалмау үшін: Өскеменде техниканық қысқа әзірлігі тексерілді

Жолдар
11:02 08 қараша 2023

Облыс орталығының басшысы Жақсылық Омар «Таза Өскемен» КМК барып қайтты.

 2023/2024қысында жолдарды тазалауға жалпы саны 110 техника жұмылдырады екен. 

 — Техниканы біз жыл сайын жаңалап отырамыз, — дейді «Таза Өскемен» КМК басшысы Асхат Тәженов. — Өткен жылы он аралас жол көліктерін сатып алғанбыз, желтоқсан айының соңына дейін тағы бесеуін аламыз. 

Асхат Мұратұлы қарды тиімді тазалау үшін барлық шет аймақтар үшін мердігерлердің бекітілгенін айтады. Көктайғақпен күресу үшін ең қауіпті телімдер, яғни көпір, ылди, айналма жолдарда құм — тұзды қоспа себіледі.

  — Техникалық тұзды сумен араластыратын болады, —дейді Асхат Тәженов, — 23 пайыздық тұз ерітіндісі   рұқсат етілген норма болып табылады. Қазақстанның ірі қалаларында және өзге елдерде де осы технологияны пайдаланады.

 Өскеменнің әкімі Жақсылық Омар қолда бар техниканы қарап шықты. 

— Ең бастысы — алғашқы қарға толық дайын болу керекпіз, себебі жолдардың әрі қарайғы жағдайы алғашқы қарды қалай тазалағанымызға тікелей байланысты, — деп қосты әкім.