Өскемен автобустарындағы валидаторларында жаңа ақпараттық хабарламалар пайда болды

Ақылды қала
10:56 26 қазан 2023

Терминалдарда «қайталап көріңіз» командасы шығатын болады.

Жолаушылар мұндай хабарламаны картасын терминалға беттестірген кезде көре алады. Бұл төлем операциясы аяқталмағанын және картаны қайта қосу керек екенін білдіреді. Сәтті төлем кезінде валидатор дыбыстық сигнал шығарады, содан кейін жасыл индикатор жанып, «Төленді» деген жазу шығады. 

Әзірлеушілер тұрақты өндіріс және тұтыну орталығымен бірлесіп сараптамалық жұмыс жүргізіп, кейде жолаушылар картаны өте тез беттестіріп, оны смартфон қаптамасы арқылы немесе картаны әмияннан шығармай есептесіп жататындығын анықтаған. Нәтижесінде төлем дұрыс аяқталмайды. Осыған орай жолаушылар мен бақылаушылар арасында жол жүру ақысын тексеру кезінде кикілжіңдер туындауы ықтимал.

 - Валидаторда төлем процесі бір секундтан аз уақытты алып, өте жылдам жұмыс істейтіндігіне қарамастан, біз аяқталмаған операциялардың да жиі болатындығын көреміз, - дейді «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС бұл инновацияның кемшілік себебін атап өтті. - Картаны валидаторға жақындата салу сәтті төлемді білдірмейді. Сондықтан, біз жолаушылардан бұл іс-шараға мұқият қарауды және валидаторда төлемніңрасталуын күтуді сұраймыз.