Өскеменнің басты алаңында Республика күні атап өтілді

Қалада демалу
13:19 25 қазан 2023

25 қазан күні таңертең Республика алаңында мерекелік концерт өтті.

Өскемен әкімдігінің ақпараты бойынша, мереке құрметіне сағат 9.30-дан 11.30-ға дейін облыс, қала әртістерінің және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, менің Қазақстаным» атты күндізгі концерттік бағдарлама өткізілді. Үлкен сахнада «Алтай» ұлттық би ансамблінің, ШҚО полиция департаментінің хоры мен балалар хорының, «Талас» фольклорлық ансамблінің әртістері, "Vero" аккордионистері және басқа да әртістер өнер көрсетті. Мерекелік концерт барысында жиналғандар алдында "Домино" тобы да  тамаша өнер көрсетті.

Сағат 11.00-ден бастап «Қазақстан» - «Oskemen run» тауына жаппай жүгіріп шығу өтті.

Сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін Өскеменнің шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдызы «Qanay»-дың қатысуымен кешкі концерттік бағдарлама ұсынылды.