Көп ұзамай Өскемендегі 19-шы шағын ауданда мектеп құрылысы басталады

Құрылыс
14:10 20 қазан 2023

Білім ордасын салу үшін жер телімін құрылысқа рәсімдеу жүргізілуде.

Қаңтар айында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар 19-шы шағын ауданда бірден 600 орындық екі жаңа мектеп пайда болатынын мәлімдеген еді. Мектептер 2024 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

20 қазанда өткен қалалық мәслихат сессиясында мектептердің біреуін салу үшін И.Есенберлин даңғылының бойынан орын белгіленгені айтылды. Бірақ аталған жер учаскесі  жеке меншікте болғандықтан, мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты иеліктен шығару процедурасын жүргізу қажеттілігі туындады.

- Меншік иесі учаскені иеліктен шығару шарттарына келісіп, аталған учаскенің орнына оған 22-ші тұрғын үй шағын ауданынынан 1,5 гектар жер берілді,-деп, Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі атап өтті.