Бекіністің негізін қалаушыларға арналған сәндік субұрқақ мүсіні

Мәдени мұра
15:25 09 қазан 2023

Бекіністің негізін қалаушыларға арналған сәндік субұрқақ мүсіні

1990 жыл

Мүсінші В. С. Раппопорт. 

Лихарев көшесіндегі алаңда, Андреев соборының алдында орналасқан.

Тарихи анықтама:

Петр дәуірінің офицері жүзіп жүрген бұрын стильдендірілген ладья бұрынғы  Киров (қазіргі Чехов) пен Горький көшелерінің қиылысында орналасқан болатын. Сәндік субұрқақ  бұл жерде  ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Киров көшесін қайта құру кезінде орнатылған. 2020 жылы осы қиылыста жаңа көлік айрығының салынуына байланысты Өскемен әкімдігі субұрқақты Лихарев көшесіне көшіру туралы шешім қабылдады. Осылайша, халық арасында бұрыннан "Лихарев ескерткіші" деп аталған мүсін генерал-майордың қызметімен тарихи байланыстағы аймаққа көшірілді.

Тасымалдау кезінде мүсін мен субұрқақ қалпына келтіріліп, жарық орнатылды.

Өскемен бекінісі орнындағы ескерткіштерге тек епархия мен қала әкімдігі ғана емес, тұрғындар да қамқорлық жасайды.