Халық үйі

Мәдени мұра
14:54 09 қазан 2023

Халық үйі

1902 жыл

Республикалық маңызы бар ескерткіш

Орналасқан жері: Бейбітшілік көшесі, 49а 

Өскемендегі Халық үйі қалалық думаның бастамасымен "Халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мәселесін шешу" мақсатында салынған. Бос уақыт мемлекет тарапынан ішімдік сатудың жойылуына байланысты қалыптасты. Халық үйін құру комитетін қала басшысы, саяси жер аударылған Орест Костюрин басқарады. Құрылысқа қаражат садақа және қайырымдылық шаралары арқылы жиналған екен. Ғимарат 1900 жылы 28 сәуірде қаланған. Жобаның авторы және құрылыс бастығы Петр Столбов.

Халық үйінің салтанатты ашылуы 1902 жылы 26 қазанда өткен екен. Ғимаратта қалалық кеңсе, кітапхана, мұражай және байсалды шай ішу бөлмесі орналасқан. Кең залда өскемендіктердің сүйікті іс-шаралары – маскарадтар өткізілді. Кіру билеті 30 тиын еді.

1905 жылғы бірінші орыс революциясы кезінде Орест Костюрин халық үйінде қала тұрғындары үшін ағымдағы оқиғаларына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. 1918 жылы 14 наурызда мұнда Кеңес өкіметі жарияланып, қоғамдық митингте  Совдеп сайланған. Оның төрағасы Яков Ушанов болғаны мәлім.

Көптеген жылдар бойы ғимаратта облыстық драма театры, содан кейін Достық үйі жұмыс істеді.