Қалалық бастауыш училище
Мәдени мұра
14:51 09 қазан 2023
Қалалық бастауыш училище
1886 жыл
Орналасқан жері: Бейбітшілік көшесі, 29.
Ұлы Отан соғысына дейін ғимаратта түрлі оқу орындары жұмыс істеген: Роза Люксембург атындағы бірінші сатыдағы мектеп, қазақ жеті жылдық мектебі, Риддер кеңестік партия мектебі, Комполитпросвет техникумы, 1939 жылдан бастап Киров атындағы мектеп. Соғыс жылдарында эвакогоспиталь орналасқан. Содан кейін 1960 жылдарға дейін қалалық аурухананың хирургиялық бөлімі болды. 1960 жылдардан бастап кешкі мектеп болған. Қазіргі уақытта ғимарат этнографиялық мұражайға тиесілі.
Мектептің қасбеті бір кездері Собор алаңына қараған. Бүгінде бұрынғы қалалық бастауыш мектептің қасбеттік бөлігі Қасым Қайсеновтың есімімен аталатын саябаққа қарайды.

