Мариинский әйелдер училищесі

Мәдени мұра
14:25 09 қазан 2023

Мариинский әйелдер училищесі

1901 жыл

Орналасқан жері: Қасым Қайсенов көшесі, 67 (Антон Чехов көшесінің бұрышында)

Тарихи анықтама:

Мариинский әйелдер мектептері ХІХ ғасырдың екінші жартысында жесір қалған императрица Мария Федоровнаның қамқорлығымен бүкіл Ресей империясында ашылған болатын. Ол  әйелдерге арналған бастауыш мектептері мен орта мектептер арасындағы аралық кезең еді. XIX ғасырдың аяғында Өскемен қаласының халқы 8721 адамды құраса, ондағы әйелдерге білім беру тек приход мектебі тарапынан ұсынылған болатын. 1900 жылы қалалық басқарма мүшелері уездік қалада Мариинский училищесін ашуға өтініш білдіреді. Санкт-Петербургтен рұқсат алынып, бір жыл ішінде собор аллеясының бұрышында (Қ.Қайсенов көшесі), Покровский соборына қарама-қарсы ғимарат салынады, онда 1901 жылдан бастап барлық сыныптардың қыздары төрт сыныптық білім алған. 1912 жылдан бастап мектепте бастауыш сынып мұғалімдері де дайындала бастады.

Революциядан кейін ғимаратта екінші сатыдағы мектеп, ал 1920 жылдың қазанынан қарашасына дейін Алтай шаруа университеті орналасқан. Онда "Малахит қорабының" авторы Павел Бажов дәріс оқыды. Азаматтық соғыс жылдарында ғимаратта БТК отряды (контрреволюция мен диверсияға қарсы күрес жөніндегі Бүкілресейлік төтенше комиссия) тұрады. 1921-1922 жылдары Еділден аштықтан шығарылған 400-ге жуық бала осы жерге орналастырылды. 1950 жылдары бұрынғы Мариинский училищесінде мектеп, ал 1970 жылдары аурухана орналасқан. 

Бүгінде Мариинский училищесінің ғимараты облыстық этнографиялық мұражайға тиесілі (1984 жылы берілген).