Шарап жертөлесі бар Меновщиков үйі

Мәдени мұра
14:22 09 қазан 2023

Шарап жертөлесі бар Меновщиков үйі

ХХ ғасырыдң басы

Орналасқан жері: Антон Чехов көшесі, 35

Тарихи анықтама:

Алтын өнеркәсібімен айналысатын Андрей Савельевич Меновщиков Өскемендегі ең бай адамдардың бірі болған. Оның есімімен уездік қаланың қазіргі күнге  сақталған бірнеше мәдени мұра ескерткіші байланысты, ол кезінде нағыз бизнес-орталық құрған болатын. Алтын өнеркәсіпшісі  өмір сүрген үй Большая көше мен Базар тұйық көшесінің (Қазіргі Төлеген Тоқтаров көшесі) бұрышында орналасқан.

Екі қабатты үй әлі күнге дейін жақсы сақталғаны көрініп тұр. Ол жерде  бірнеше коммерциялық нысан орналасқан.