«Сәуле» дүкені (бұрынғы  «Савва Семёнов және ұлдары» сауда үйі)

Мәдени мұра
14:19 09 қазан 2023

 «Сәуле» дүкені (бұрынғы  «Савва Семёнов және ұлдары» сауда үйі)

1910 жыл

Орналасқан жері: Антон Чехов көшесі, 52

Тарихи анықтама:

Савва Федорович Семенов Тарханкадан келген шаруа еді. Орман саудасының арқасында байыған. XIX ғасырдың соңында Семенов Өскеменге көшіп келіп, бал, балауыз және май сатумен айналыса бастайды. Оның қала маңынан жалға алған дүкенінің  ғимараты тар болғандықтан, саудагер Большая көшесі мен Пожарный тұйық көшесінің (Горький көшесі)  қиылысынан өзінің сауда үйін салады.

Азаматтық соғыс кезінде колчактықтар сауда үйінің жертөлелерінде бүкіл округтен әкелінген саяси тұтқындарды ұстады. Атуға  да тура осы жерден алып кетеді. Кеңес өкіметі жылдарында ғимаратта әмбебап дүкен, ал кеш кеңестік кезеңде "Сәуле" деп аталатын қаладағы жалғыз ойыншықтар дүкені болды. 

Бүгінгі күні дүкен киім-кешек, косметика, кәдесыйлар мен ойыншықтармен сауда жасауды жалғастыруда және қала тұрғындары арасында әлі де танымал.