Өскеменде ашық аспан астындағы коворкинг-аймақ пайда болады

Қалада демалу
11:00 22 қыркүйек 2023

Жаңа нысанның Михаэлис көшесінде салынатынын.

Өскемендік кәсіпкер Танир Ясса Михаэлис көшесіндегі "Горизонт" дүкенінің алдында коворкинг-аймақ ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жоба келісілді және мақұлданды, оны іске асыру жақын арада басталады.

Кәсіпкер түсіндіргендей, коворкинг  көгалдағы   шағын алаңда болады. Аумақ қоршаумен қоршалмақ. Онда орындықтар мен сәндік элементтер орнатылып, жолдар мен суару жүйесі жабдықталады. Сонымен қатар, алаңда Wi-Fi жұмыс істеп тұруы көзделген.

21 қыркүйекте жобаның бастамашысы Танир Ясса қала әкімінің кәсіпкерлермен дәстүрлі кездесуіне келіп, болашақ сквер аумағында ағаштарды санитарлық кесуге көмек көрсетуді сұрады. Онда ескі ағаштар өсіп тұр, кәсіпкер олардың желді күндері адамдарға қауіп төндіріп, болашақта сәндік элементтерді зақымдауы мүмкін екенін айтып отыр. 

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар "Таза Өскемен" КМК басшысы Асхат Тәженовке бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.