Өскеменде жаңадан төрт көпір салу жоспарлануда

Құрылыс
17:33 20 қыркүйек 2023

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы қаулысымен бекітілген Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін қалада төрт жаңа өткел пайда болады. Бұған дейін алтауын салу жоспарланған болатын.

Жаңа көпірді Студгородок ауданында және Меновный ауылында   салу жоспарлануда. Прапорщиково ауылы маңайындағы Ертіс өткелі жартылай айналма магистралін жалғауға арналған, бұл ауыр жүктерге қаланы айналып өтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда аудандағы негізгі жүктеме Тоғас көшесі мен Понтон көпіріне түседі. Бұл ретте Семей, Шемонаиха және Риддер бағытындағы жүк көліктерінің Н. Назарбаев даңғылымен жүруіне тура келеді. Жаңа өткел Понтон көпіріне түсетін ауырлықты азайтып, Алматы, Самар, Семей және Риддер трассалары бойымен жүретін көлікті жартылай айналма   бойымен жүргізуге мүмкіндік береді.

 Пристань аймағындағы автомобиль өткелін қолданыстағы теміржол көпірінің жанында салу жоспарлануда.

    — Әуезов даңғылы— Меновное бойындағы, сондай-ақ Дружба Народов  көшесі — Аблакетка өткелдері Бас жоспардан алынып тасталды, - деді жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Еркін Тұраров.