Өскеменде алғашқы фандомат орнатылды

Ақылды қала
12:07 20 қыркүйек 2023

Енді облыс орталығының тұрғындары пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды тапсырып, бонустарға ие бола алады.

Бірінші фандомат Виноградов көшесіндегі "City Food" фудкортына орналастырылды. Жиналған банкілер мен бөтелкелер полигондардағы ыдырамайтын қоқыстардың мөлшерін едәуір азайту үшін қайта өңдеуге жіберіледі.

    - Біздің қала экологиялық өмір салтын құрудағы жолын жалғастыруда,-деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Фандоматтар бойынша барлық сұрақтардың жауаптарын "Sparklo" қосымшасынан алуға болады. Бонустарды жинақтау үшін қосымшаны  Appstore немесе Google Play дүкенінен жүктеп алып, оған тіркелу керек.

Қосымшаның пайдаланушыларына  экобонустар ретінде жобаның серіктес компанияларының жеңілдіктері мен сыйлықтары ұсынылған.

Қала әкімдігі фандоматтардың саны біртіндеп арта түсетінін атап өтті. Әзірге оларды облыс орталығының бес жерінде орнату жоспарлануда.