Өскеменнің кейбір аулаларында шұңқырды жөндеудің орнына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Құрылыс
11:51 20 қыркүйек 2023

Орташа жөндеу аулааралық жолдар тас-талқаны шыққан жағдайда жүргізіледі. 

Қазір Қазақстан,65 үйінің ауласында асфальт төселіп, үлкен техника жұмыс істеп жатқандықтан, көлік қозғалысы қиындаған. 

  • - Бұл жерден балалар Оқушылар шығармашылығы үйіне өтеді, - дейді Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш. – Өткен жылы бұл жерде тротуар салынып еді, енді жолды жөндеп жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, биыл облыс орталығында жүз ауланың жолдарын жөндеу бағдарламасы іске қосылған. Жұмыс барысын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тексеруде. 

  • - Кейбір жерде шұңқырларды жөндеу жеткілікті, бірақ кей жерлер орташа жөндеуді қажет етіп тұр, - дейді  әкім. – мектептерге, әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелерге апаратын жолдарда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.