Тұмабаев Қуат Мұхитұлы

Қала әкімдері
16:56 13 қыркүйек 2023

Тұмабаев Қуат Мұхитұлы (мамыр 2017-тамыз 2018) 

Семей қаласында туып, жоғары оқу орнын "Халықаралық қатынастар" және "Құқықтану"мамандықтары бойынша бітірген.   Өскемен қаласының ең жас әкімі болғаны сөзсіз.

Қала басшысы қызметіне кіріскен кезде ол қала ішіндегі жолдарға үлкен мән беретінін, қыста қардың уақтылы жиналуын бақылайтынын, сондай-ақ ТКШ секторының жұмысын реттейтінін мәлімдеді. 

Бірақ оның басқару кезеңінде қардың уақтылы шығарылмауы  және еріген қар суынан су деңгейінің көтерілуі науқанның сәтсіздігіне байланысты тұрғын аумақтарды  ең үлкен су басу  орын алған. 

Сонымен қатар, шенеуніктің есімі Риддерде орын алған өліммен аяқталған жол-көлік апатына байланысты шуға кірісітірілді.  Қуат Тұмабаев апатқа тікелей кінәлі болмаса да, оқиға орнынан қашу фактісі шенеуніктің беделіне нұқсан келтірді. Нәтижесінде ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінде Тұмабаев атқарып отырған лауазымына толық сәйкес келмейтіні  жарияланған. Кеңес мүшелері жас әкімнің өз әрекетімен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіргенін атап өтті. Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов айыппұл салынған шенеунікке өз еркімен жұмыстан шығуды ұсынды.