Тәукебаев Серік Шәуенұлы

Қала әкімдері
16:56 13 қыркүйек 2023

Тәукебаев Серік Шәуенұлы (ақпан 2012-мамыр 2013) 

Түркістанда туған, үш жоғары оқу орнын бітірген: 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институты (инженер-құрылысшы), 2004 жылы Шымкент университеті (Заңгер) және 2005 жылы Қарағанды экономикалық университеті (экономист). 

2001 - 2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 

Өскемен қаласының әкімі болып жұмыс істеген кезінде Серік Тәукебаев Металлургтер мәдениет сарайының мемлекеттің меншігіне берілуге қол жеткізді және 70 жастан асқан зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүруді бекітті. 

2013 жылдың 18 мамырында ресми нұсқаға сәйкес, жүрекке жасалған операциядан кейін пайда болған денсаулық мәселелеріне байланысты қызметінен босатылды.