Әбішев Ислам Алмаханұлы

Қала әкімдері
16:56 13 қыркүйек 2023

Әбішев Ислам Алмаханұлы (наурыз 2009-ақпан 2012) 

Облыс орталығын Ислам Әбішев басқарған үш жылдық кезеңді өскемендіктер әлі ұмытқан жоқ. Оның кезінде тұрғын үй-коммуналдық сектордың жылдар бойы жинақталып келе жатқан өткір мәселелері шешіле бастады. Айта кету керек, жеке тұрғын үйлердің құрылысына тоғыз мыңнан астам адам кезекте тұрған болатын. Бірақ 2009 жылы қала әкімдігінің бастамасымен Орталық алаңда төрт мың кезекте тұрғандарға жер учаскелеріне құжаттар тапсырылады. 

Дәл осы әкімнің кезінде мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетілді. Қала белсенді түрде абаттандырылды: аулалар, көптеген гүлзарлар, көшелерді ауқымды жөндеу жүргізілді. "Қазақстан" тауы, Ғашықтар аллеясы, Үлбі көпірінің астынан өтетін жолдар - Ислам Әбішевтің басшылығы кезінде пайда болған нысандардың біразы ғана. 

2012 жылы Ислам Алмаханұлы Астанаға көшіп кетеді. Экс-әкім Өскеменнен кетіп бара жатқанда, қала тұрғындары онымен қоштасу үшін әуежайға шығарып салуға келген болатын. 

Көшкеннен кейін ол Үкіметте ұзақ уақыт қызмет етіп,  2020 жылы пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.