Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы

Қала әкімдері
16:56 13 қыркүйек 2023

Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы (наурыз 2007-тамыз 2008) 

Көкшетау қаласының тумасы, Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. Қазақ КСР кезінде Өскеменнің бірнеше ірі кәсіпорындарында жұмыс істеген. 1990 жылдары сусындар өндіру бірлестігінің бас директоры, "Әділ"АҚ басшысы болды. 

Шәкәрім Сабырұлының саяси мансабы 1997 жылдан басталды. Өскемен қаласының әкімі болғанға дейін әкімнің орынбасары, кейін Риддер қаласының  әкімі болған, кейіннен ШҚО бойынша Монополияға қарсы басқарманың басшысы болып қызмет атқарды. 

Шәкәрім Бұқтұғұтов әкім болған кезде Өскеменнің бірнеше көшелерінің атаулары өзгертілді. Қала инфрақұрылымына үлкен мән берген әкім де мектепке дейінгі балалар мекемелерін қалпына келтіруге көп күш жұмсады.

Көптеген медальдармен және төсбелгілермен марапатталған, "Құрмет"орденінің иегері. 2023 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.