Быстров Александр Михайлович

Қала әкімдері
16:56 13 қыркүйек 2023

Быстров Александр Михайлович (мамыр 2005-қыркүйек 2006)

Мурманск облысының Кандалакша қаласында дүниеге келген. 1983 жылы КСРО ІІМ әскери-саяси училищесінің түлегі атанды. 1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. 

Александр Быстров өзінің мемлекеттік қызметтегі мансабының басым бөлігін оңтүстік астанада, сол кездегі Алматы әкімі Виктор Храпуновтың командасында жүзеге асырды. 2005 жылы Өскемен қаласына жұмысқа ауысқаны да қисынды - Храпунов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

"Жеңіс даңғылы" жобасына ерекше назар аударып, оны "Император" сауда үйінің құрылыс жобасымен үндестіруге тырысты.