Гречухин Александр Васильевич

Қала әкімдері
16:56 13 қыркүйек 2023

Гречухин Александр Васильевич (қаңтар 2003 — қаңтар 2004)

Өскеменнің бесінші әкімі Александр Гречухин бұл қызметті бір жыл бойы атқарды. Бұған дейін экономист-менеджер мамандығын меңгерген мемлекеттік қызметші Шемонаиха, кейін Глубокое ауданының әкімі болған. Кейін Ұлан ауданын басқарып, облыстық білім департаментінің директоры қызметін атқарды. 

Айта кету керек, оның тұсында Өскемен қаласының дәл орталығында "Даниэль" сауда үйі салынды.

Александр Гречухин өзінің саяси мансабын 2012 жылдан бастап облыстық мәслихат құрамында жалғастырды.