Өскемен қаласында көлік карталарын толықтырудың жаңа нүктелері ашылды

Ақылды қала
16:56 13 қыркүйек 2023

Енді қала тұрғындары көлік карталарын екі жаңа сауда орнында толықтыра алады.

"Жолаушылар тасымалын басқару орталығы" ЖШС мәліметі бойынша, енді Южноауыл көшесіндегі "Грилляж" шағын базары, 2/8 және Достоевский көшесіндегі "Smart Mir" дүкені, 6 к 3 мекен-жайында тұрғындар карталарын толықтыру мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Ивушка аумағында көлік карталарын толтыру нүктесі Виноградов көшесі, 17 а мекен-жайында орналасқан "Дос-Нар" базарына ауыстырылғандығын хабарлаймыз.